Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Діни араздықты тудырып, терроризмді насихаттаған 12 адам сотталды

4 Қыркүйек 2025, 20:34
607
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған. 

Тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өзгелердің жаңалығы