Діндер съезінің күн тәртібі бекітілді

13 Қыркүйек 2022, 11:14
3758
Бөлісу:
Діндер съезінің күн тәртібі бекітілді
Фото: автордан

Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХ отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму вице- министрі Серік Егізбаев съез отырысында 4 секция болатынын айтты.

Руханияттағы діндердің рөлі, бейбітшілік пен келісімдегі білімнің рөлі, экстремищм мен терроризм мәседелері және әйелдің әлеуметтік мәртебесіндегі діни қауымдастықтың рөлі талқыланады. Бұл секциялар 15 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында өтеді,- деді ол. 

Осылайша, модераторлар мен баяндамашылардың тізімі бекітілді.

Съез декларациясы да талқыланған.

Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілген болатын.

2003 жылы 13 ақпанда өтіп, діндер, мәдениеттер мен халықтардың жақындасуына маңызды рөл атқарған, христиан, мұсылман, еврей ұйымдары қаысқан Бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясында сөз сөйлеген Елбасы барлық конфессия өкілдеріне Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу инициативасын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы