Діндер лидерлерінің VII Съезінің өтетін уақыты белгілі болды

6 Қазан 2021, 17:00
1816
Бөлісу:
Діндер лидерлерінің VII Съезінің өтетін уақыты белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында VII Съезд қашан өтетіні бекітілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің өтетін күні мен орны анықталды.

Бұл мәселені жұмыс тобының отырысында талқылау барысында конфессияға қатысқан барлық азаматтың пікірі ескеріле отырып, келесі жылы 14-15 қыркүйекте Съезді өткізу мерзімі бекітілді, - деді Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев.
Съезге қатысушылар ұсынылған мәселелер бойынша қарсылығын білдірмеді.
Діни мерекелерді және Хатшылыққа қатысқан діни лидерлердің пікірін ескере отырып, Съездің өтетін жері Нұр-Сұлтан қаласы деп бекітілді. Ол 2022 жылы 14-15 қыркүйекте өтеді деп қабылданды, - деп айтты Мәулен Әшімбаев отырыста.

Өзгелердің жаңалығы