Димаштың жанкүйері тегін Құдайберген деп өзгертті

13 Мамыр 2022, 16:51
3186
Бөлісу:
Димаштың жанкүйері тегін Құдайберген деп өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресейдің Ростов облысының тумасы Кристина тегін Құдайбергенова етіп өзгерткен. Ол бұл жаңалығымен instagram-да бөлісті.

2019 жылдың 7 қыркүйегінде мен Димаштың шығармашылығымен таныстым. Ди алғашқы секундтарда жүрегімді жаулап алды. Сол кезде Құдайберген (ов) маған әдемі болып көрінді. Кейде оның тегін өзіме шақтап көретінмін, - дейді Кристина Құдайбергенова. 

Оның айтуынша, наурыздың басында құрбысымен текті өзгерту туралы әңгімелеседі.

Құдайбергенова Кристина Николаевна. Әдемі естіледі. Құрбым «бәрі сенің қолыңда» деді. Кейін тегімді өзгерту туралы шешім қабылдадым. Ата-анамның қайтыс болғанынан кейін құжаттарды реттеу керек болды. 2021 жылдың қаңтар айында әке-шешем бір апта айырмашылығымен дүниеден өтті. Сол жылдың сәуір айында әжем қайтыс болды. Мен Димаштың өнерін көп тамашаладым. Оның дауысын тыңдап, жан дүниемдегі қуысты толтырып, жүрегімнің сыздауын баяулатты. Менің эликсирім.Мен Димаштың тегін  оған алғыс ретінде алдым. жалғасып жатқанын және оны өмір сүру керек екенін түсіндім. Өмірімде пайда болғаны үшін Димашқа өлшеусіз алғыс айтамын, - деді ол. 

Құдайбергенова сәуір айының ортасында ол сүйікті әртісінің есімін алу үшін АХАЖ бөліміне барады. 

Сәуірдің 27-сі күні «аты-жөнін өзгерту» бойынша маған сертификат берілді. Қиын болса да, жаңа төлқұжат алғанша үндемеуді жөн көрдім (бірнеше адам ғана біледі). Міне, менде Димаштың фамилиясы. Димаш менің жүрегімді, мен оның тегін ұрладым, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы