Димаштың әндері Барселона радиосында шырқалды

5 Маусым 2020, 19:27
1631
Бөлісу:
Димаштың әндері Барселона радиосында шырқалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барселонаның танымал "Radio Sant Boi" радиосының "la República Santboiana" бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды, деп жазады dimashnews.com.

Бағдарлама жүргізушісі Тереза Ллинас қазақстандық орындаушының жанкүйері болса керек, Димаштың әндерімен Барселона тұрғындарымен қуана бөліседі.

"Radio Sant Boi" – қаланың барлық ауданына таралатын Барселонадағы танымал радио. Радио бағдарламасында мәдениет, музыка, сонымен қатар, әлемдегі өзекті оқиғалар туралы айтылады.

Эфирде жүргізушілер Димаш пен оның әлемдік "ARNAU" турнесі туралы бірнеше рет хабар таратып, тыңдармандарға жаңа әндерін таныстырды. Мәселен, 10 наурызда бағдарлама эфирінде Димаштың Игорь Крутой жазған "Your Love" әні ойнатылды, ал 20 наурызда коронавирус пандемиясымен күресте алдыңғы шепте болған жандарға арналған "We Are One" туындысы шырқалды.

Радио жүргізушілері, сонымен бірге, Димаштың туған елі туралы мәліметпен бөліседі. Әр концертінде Отанына деген ыстық махаббатын білдіретін Димашқа тәнті болған хабар қызметкерлері Қазақстанға деген қызығушылықтарын да жасырмады.


Өзгелердің жаңалығы