Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеновтың iD деп аталатын жеке альбомын сатып алушылар қатары секунд сайын өсіп жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымды қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рақмет! Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», – делінген Димаштың Instagram-дағы парақшасында.
Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек.
Шоу-бизнес қарқынды дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталатын көрінеді, ал көрішлес жатқан Ресейде 100 мыңдық сатылыммен өлшенеді.
Қазір оның репертуарындағы «Ой жайлау», «Қараторғай», «Ұмытылмас күн», «Еркелетейін» әндері жастардың жүрегіне жол тауып үлгерді.