Димаш жаңа әнінің бейнеклипін жарыққа шығарады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған күні қарсаңында жаңа әні жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 Мамыр 2023 2023, 03:17
АВТОР
 instagram.com/kudaibergenov.dimash 22 Мамыр 2023 2023, 03:17
22 Мамыр 2023 2023, 03:17
2135
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туған күні қарсаңында жаңа әні жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұл жайында Instagram парақшасында жазды.

Өмір - ақ пен қара алмасқан, бақ пен нала арбасқан, қуаныш пен қайғы таласқан, теңдессіз алып кеме. Айдындағы сұрапыл толқынға да, дауылға да төтеп беруіме түрткі болып жүрген барша тыңдарманыма туған күнімнің қарсаңында шығатын, алғаш рет әуені мен сөзі жан дүниемді жарып шыққан шығарма. Бұл туынды менің өмірім жайында,- деп жазды Димаш.

Оның айтуынша, 24 мамырда әншінің YouTube арнасында жаңа бейнебаянның тұсауы кесіледі.

Наверх