Димаш туралы деректі фильм түсірілді

26 Мамыр 2021, 07:14
1395
Бөлісу:
Димаш туралы деректі фильм түсірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергенов туралы деректі фильм әншінің YouTube-каналында жарияланды. Деректі фильмде сирек кездесетін архивтік кадрлар мен Димашқа ән әлемінде тәлім берген педагогтердің пікірі бар.

Аталған фильмде әншінің өнер жолын жетік білетін жандар Ди­маш­тың алдында қандай қиын­дықтар туындағанын әңгімелейді. Ал әнші әр биікті бағындырғандағы жан толқынысын айтып береді.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 24 мамырда туған күнін атап өтті, биыл ол 27 жасқа толды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары әншіге тосынсый жасады. Мәселен, Қытайдағы жанкүйерлері зәулім ғимараттың бірінде Димаш туралы бейнеролик қойған.


Өзгелердің жаңалығы