Димаш Құдайберген жаңа клипіне қатысты сынға жауап берді

Димаш Құдайберген басты мақсаты бір күндік хит жасау емес, қазақ мәдениетін әлемге танытып, сапалы музыка ұсыну екенін атап өтті.

 instagram.com/kudaibergenov.dimash 2 Тамыз 2026, 23:56
2 Тамыз 2026, 23:56
169
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жаңа Aqerke клипіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді.

31 шілдеде жарық көрген бейнебаян жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік клипке оң бағасын бергенімен, кейбір желі қолданушылары әншінің авторлық репертуарының аздығын, продюсерлік жұмысты және опералық вокалға жиі жүгінетінін сынға алған.

Осыған байланысты Димаш Instagram парақшасында бейнеүндеу жариялап, өз шығармашылығына қолдау білдіргендерге де, сындарлы пікір айтқандарға да алғысын жеткізді.

Әншінің айтуынша, Aqerke халық әнінің жаңа нұсқасы шетелдік тыңдармандарды қазақ музыкасы мен мәдениетімен таныстыру мақсатында заманауи стильде орындалған.

«Мен халық әнін өзгертуді мақсат еткен жоқпын. Оны әртүрлі елдердің тыңдармандарына жақынырақ әрі түсініктірек ету үшін заманауи үлгіде ұсынғым келді», – деді Димаш.

Сондай-ақ ол тек классикалық немесе опералық жанрда ғана өнер көрсетеді деген пікірмен келіспейтінін айтты. ның сөзінше, соңғы он жылда классикадан бастап рэпке дейін түрлі музыкалық бағыттарда ән орындап келеді, ал репертуарының басым бөлігін авторлық шығармалар құрайды.

Димаш Құдайберген басты мақсаты бір күндік хит жасау емес, қазақ мәдениетін әлемге танытып, сапалы музыка ұсыну екенін атап өтті.

«Егер шетелдік тыңдарман қазақ әнін тыңдап, оның тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытса, онда еңбегімнің ақталғаны. Мен ешқашан бір күндік хиттердің соңынан қуған емеспін», – деді әнші.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Наверх