Димаш Құдайберген Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынбақ

Кеше, 09:04
461
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынбақ
Фото: https://dimashnews.com/

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды.

Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазған. 

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың "Love's not over yet" атты жаңа әнін ұсынады. 

Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы