Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаш Құдайберген ÓČKO CHART чех хит-парадының жеңімпазы атанды

Бүгiн, 02:47
113
Бөлісу:
 DimashNews
Фото: DimashNews

2024 жылы Димаш Құдайберген Чехияда өткен ÓČKO CHART музыкалық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, 2023 және 2024 жылдардың қорытындысы бойынша Together және When I’ve Got You композицияларымен жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы dimashnews жазды. Осы кезеңнен бастап Димаш хит-парадтың ең танымал әрі беделді қатысушыларының бірі ретінде онығ музыкалық туындылары чехиялық Óčko музыкалық телеарнасында тұрақты түрде көрсетіліп келеді.

2025 жылы Димаш ÓČKO CHART тізімінде бір мезгілде екі шығармамен ұсынылды:. Олар: лирикалық Love Is Not Over Yet композициясы және қазақ тіліндегі Tau Ishinde әні.

Дауыс беру қорытындысы бойынша тыңдармандар тарапынан ең көп қолдауға ие болған Love Is Not Over Yet туындысымен Димашқа 2025 жылғы ÓČKO CHART жеңімпазы атанды. Байқау ұйымдастырушылары болашақта әртістің Прага қаласындағы TV Óčko студиясында марапатқа ие болатынына сенім білдірді.

Димаш әлемдегі ең белсенді әрі ұйымшыл фан-аудиториялардың біріне ие орындаушы ретінде танылған. Әрбір хит-парадқа қатысуы барысында түрлі елдерден келген жанкүйерлер чехиялық Dears қауымдастығының бастамаларын қолдап, бірлесе жұмыс істейді. Осы қолдаудың нәтижесінде ÓČKO CHART тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелді, яғни Димаш барлық дауыс беру апталарында қатарынан айқын басымдықпен жеңіске жеткен және хит-парадта жеңіліс көрмеген жалғыз орындаушы атанды.

TV Óčko арнасының маркетинг жөніндегі директоры Михал Кржижек әртіспен серіктестігін жоғары бағалап, оның кәсібилігі мен адами қасиеттеріне ерекше тоқталды.

Жұлдыз неғұрлым биік болған сайын, соғұрлым қарапайым болады деген ойдамын. ÓČKO арнасында бұл пікір сан мәрте дәлелденді, – деп атап өтті ол чехиялық Dears қауымдастығына жолдаған хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы