Димаш Құдайберген Еуропадағы «Виртуози» телешоуында қазылық етеді

10 Желтоқсан 2023, 04:30
1619
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Еуропадағы «Виртуози» телешоуында қазылық етеді
Фото: видеодан скрин

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген «Виртуози» телешоуында ұлы тенор Пласидо Домингомен бірге қазылық етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

1999 жылы үйде 3 ұлы тенордың концертінің кассетасы болатын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Шақырту үшін рахмет, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Өзгелердің жаңалығы