Димаш Құдайберген Дубайда жеке концерті өтетінін хабарлады 

19 Қаңтар 2022, 11:05
1089
Бөлісу:
Димаш Құдайберген Дубайда жеке концерті өтетінін хабарлады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram-ға қайта оралды. 

Қымбатты достар! Менің инстаграм парақшам бұғатталып, өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс, - деп жазды әнші. 

Ол 25 наурызда Дубайда жеке концерті өтетінін айтты. 

Сіздерді қатты сағындым, құрметті достар! 25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын, - деді Димаш Құдайберген.  

Айта кетейік, әншінің әлеуметтік желісі жаңа жылдан кейін жоғалып кетті. Осыған қатысты оның анасы да пікір білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы