Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаш Құдайберген дарынды оқушыларды құттықтады

4 Қараша 2025, 06:40
597
Бөлісу:
 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қазақстандық жас талантты оқушыларды “FIRST Global Challenge 2025” халықаралық робототехника олимпиадасында төртінші мәрте қатарынан жеңімпаз атанғанымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жеңіс – біздің еліміздің білім мен ғылымға деген шынайы ұмтылысының, жастарының биік рухы мен қажырлы еңбегінің айғағы. Бүгінгі табыстарыңыз – тек Қазақстанның емес, бүкіл әлем жастары үшін үлгі.

Ғылым мен технология – ұлттың дамуының басты тірегі. Барша қазақстандық жастарды білім мен ғылым жолына ден қойып саналы ұрпақ болып өсуіне тілектеспін! – деді Димаш Құдайберген.

Өзгелердің жаңалығы