Коста-Рикадағы танымал телеарналардың бірі алғаш рет қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген туралы хабарды көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың 4 қазанында Коста-Риканың ең танымал телеарналарының бірі Multimedios CR алғаш рет Димаш Құдайберген туралы бағдарлама шығарды. Эфирде жүргізушілер телекөрермендерді қазақстандық әртістің өмірбаянымен таныстырып, оның S.O.S әнін орындағанын көрсетті, - делінген хабарламада.
Multimedios өз бағдарламаларын тек Мексикада ғана емес, Коста-Рикада, АҚШ-та және Испанияда таратады.
Коста-Рикада көп адам оның керемет музыкасы мен әдемі дауысын естуі - біз үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында сүйікті әртістің жұмысын таратудың басы ғана, – деп бөлісті Коста-Рикадағы Dears жанкүйерлері.