Димаш Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің ауласына ағаш екті

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ашық дереккөз 8 Шілде 2025 2025, 00:40
8 Шілде 2025 2025, 00:40
1075
Фото: ашық дереккөз

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті қонақтарды қарсы алған Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тұмыш Қанат Қобыландыұлы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достықтың тарихы Жібек жолы тұсынан бастау алатыны туралы ерекше атап өтті.

Елші Димашқа Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, халықтарды байланыстыратын берік коммуникацияларды дамытудағы мәдени көпірлердің зор рөлін атап өтті.

Димаш елшілік аумағында Вьетнамға арналған жұлдызды “Star Apple Tree” ағашын отырғызу рәсіміне қатысты.

Наверх