Димаш Құдайберген Billboard чартының үздік жиырмалығына кірді

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Billboard&nbsp;«Hot Trending Songs» ТОП-20 чартына енді. Бұл туралы дарынды әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram парақшасында жазды.&nbsp;<br> </p>

 30 Қазан 2021 2021, 14:11
30 Қазан 2021 2021, 14:11
1500

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Billboard «Hot Trending Songs» ТОП-20 чартына енді. Бұл туралы дарынды әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram парақшасында жазды. 

7 күннің қорытындысы бойынша музыкалық хит-шеруді Butter атты композициямен корейлік BTS тобы бастап тұр. Димаш Құдайберген Fly away әнімен чарттың 19-сатысында орналасқан.

Әлемнің DEARS-ы шексіз махаббатарыңызға, қолдауларыңызға, ерінбей берген дауыстарыңызға көп рақмет, - деді Қанат Айтбаев.
Жанкүйерлер өздерінің сүйікті әншісін құттықтап, оның бұдан да жоғары жетістіктерге жететінін жарыса жазып жатыр.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Сочиде өткен «Жаңа толқын 2021» фестивалінде Fly away әнін орындады. 
Наверх