Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаш, Дәулет, Дина: Шымкентте үшем дүниеге келді

Бөлісу:
 Шымкент қ. Денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Шымкент қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақшолпан Сүлейменова дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелді.

Жаңа туған нәрестелерге ата-анасы Дәулет, Димаш және Дина деген есімдерді қойды. Үшемнің салмағы әрқайсысы екі келіден асты. Екінші және үшінші нәрестелер туғаннан кейін бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, жағдайлары тұрақтанған соң бір тәуліктен кейін негізгі бөлімшеге ауыстырылды. Барлық үш нәресте орталық мамандарының бақылауында 11 тәулік болып, қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық медициналық көмек алды. Шығарылу кезінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйіне жіберілді, деп хабарлады Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. 

Айта кетейік, отбасында бұған дейін төрт бала тәрбиеленген, ал үшемнің дүниеге келуімен балалар саны жетіге жетті.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте үшем дүниеге келгенін хабарладық. Сондай-ақ, Алматыда үшем дүниеге келді.

Қостанай облысында да үшем туды.

Өзгелердің жаңалығы