Алматыда өткен "D and Dears" фан-кездесуінде Атыраудан келген 14 жастағы дзюдошы әрі өнерпаз Иса Бекболат әйгілі қазақ әні “Балқадишаны” орындап, көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Иса Бекболат осыған дейін жаттығу кезінде ән айтқан бейнежазбасы арқылы әлеуметтік желілерде танымалдыққа ие болып, Казнеттің жұлдызына айналған еді.
Әлеуметтік желілерде талантымен танылған спортшы әрі өнерпаз Иса Бекболаттың өнеріне көпшілік тәнті болды. Бүгін, міне, Иса үлкен сахнаға қадам басып отыр. Өнер жолың ашық болсын деп, осы домбыраны сыйға тартқым келіп отыр, - деді Димаш Құдайберген жас дарынға лебіз білдіріп.
Бұл кеште Иса Бекболаттың өнері жанкүйерлер мен танымал өнерпаздардың ерекше қолдауына ие болды.