Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы COVID-19 пандемиясындағы колоректальды қатерлі ісік жағдайына арналған онлайн-баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова айтты.
Колоректальды қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін бірден-бір себеп - бұл жылқы, сиыр, шошқа етін шектен тыс пайдалану. Сол себепті күнделікті арционға қызыл етті аптасына бір рет қолдану режимін енгізген жөн. Өкінішке қарай, біздің елімізде бұл мүмкін емес жайттардың бірі. Алайда рационға балық, тауық етін енгізуге болады. Көкөніс өнімдерін көп тұтынатын оңтүстік өңірлерде ауру көрсеткіші төмен. Мұны да ұмытпау керек, - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, колоректальды қатерлі ісіктің өршуіне алкоголь өнімдерін тұтыну, қозғалыстың аздығы, семіздік те себеп.
Біз 50 жасқа дейін бойынан колоректальды қатерлі ісік анықталған науқастың молекулярлы-генетикалық тегі бойынша үлкен жұмыс істедік. Нәтижесінде 17 жаңа геном барын анықтадық. Егер науқастың отбасылық анамнезінде қатерлі ісік тіркелген болса, онда сол науқастың генетикалық профилін міндетті түрде тексеру керек. Осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Тек пен колоректальды қатерлі ісіктің арасында терең байланыс бар, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін бас онколог Қазақстанда күн сайын 4 адам колоректальды қатерлі ісіктен қайтыс болатынын айтқан болатын.