Дилерлік орталықтардың қосымша қызметпен айналысу заңдылығы тексеріліп жатыр – агенттік

13 Сәуір 2022, 10:32
2414
Бөлісу:
Дилерлік орталықтардың қосымша қызметпен айналысу заңдылығы тексеріліп жатыр – агенттік

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігігің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Еркебай Абдубакиев 2022 жылғы 1 тоқсандағы жұмысының қорытындысы жайлы баяндады.

Оның айтуынша, қазір департамент қаладағы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына 16 сараптама жүргізіп жатқандарын айтты. Оның ішінде бастапқы баспана нарығы, тұрмыстық қалдықтарды әкелу мен шығару, оларды сақтау, одан бөлек қанттың көтерме нарығы, ПТР мен коронавирустық инфекция диагностикасы, коммуналдық шаруашылықты есептеу жабдықтары, мұнай өнімдерінің көтерме нарығы, дәрі-дәрмек нарығы бар.

Сондай-ақ ол жаңа жеңіл көліктерді сататын дилерлік орталықтарға да тексеріс сараптамасы жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Көліктерге арналған талдама тұрғындардың өтініші бойынша жүргізіліп жатыр. Өйткені дилерлік орталықтар тарапынан қосымша қызметтер міндеттеліп ұсынылып жатыр деген шағымдар түсіп жатыр. Егер ондай жағдайға қалсаңыз біздің департаментке жүгіне аласыз,-деді департамент өкілі.

Сонымен қатар ол департамент тауар бағасын келісім арқылы қолдан көтеру жағдайының алдын алатынын айтты. Ол үшін айыппұл мен басқа да жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Одан бөлек жанар-жағармайға да шекті баға бекітілгенін, оны орындамағандар жауапқа тартылатынын жеткізді.

Президенттің тапсырмасымен 180 күнге дейін мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына қатысты белгілі бағалар бекітілді. Мәселен, АИ-92 маркалы бензинінің литрі – 182 теңге, АИ-95 – 215 теңге, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Жамбыл, өзгеде облыстарда дизелдің литрі – 230 теңге. Одан бөлек сұйытылған газға да шекті баға бекітілді, бұл талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапқа тартылады,-деді Абдубакиев.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсіргендерге қатысты да жауап қарастырылғанын жеткізді. Сол себепті жергілікті атқарушы билік бағаның тұрақты болуына тексеріп отырады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарға сатушы 15 пайыз үстеме қоса алады. Егер баға тым көп қосылғанын анықтасаңыз жергілікті атқару органдарына жүгінуге құқыңыз бар. Сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасының да қолдан көтерілгенін анықтасаңыз Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы фармацевтикалық бақылау департаментіне жүгіне аласыз,-деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы