Дихан Қамзабекұлы: Міржақып Дулатов саясатта да, әдебиетте де қайраткер

25 Қараша 2020, 15:34
2165
Бөлісу:
Дихан Қамзабекұлы: Міржақып Дулатов саясатта да, әдебиетте де қайраткер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық ғылым академиясының академигі, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен «Оян, қазақ» атты онлайн конференция барысында осылай деді.

Міржақыптың көркемдік туралы пайымдарын сөз еткенде, мына жайды ескеру керек. Біріншіден, ол поэзия мен проза тіліндегі үйлесімділікті сомдауға талап қылған туындыгер. Екіншіден, ол әсемдік пен әдебиет миссиясы туралы пікір білдіруші қаламгер. Осы мәселеде оның позициясы Ахметтікіне ұқсайды. Екеуі де шабыты тасығаннан қолына қалам алмағанын жазады. Мысалы, М.Дулатов «Оян, қазақта»: 

«Бұл сөзді жазғаным жоқ ақын болып,

Халық тентек, жалғыз өзім мақұл болып.

Қайғы мен хәл мүшкілін білдіргенім,

Ұйқыда жұрт жатқан соң ғафыл болып», - дейді. Яғни, Міржақыпты Алаштың ауыр жағдайы алаңдатқан. Ол жауапкершілікті сезінетін жазушы болуға тырысқан. Бұл оның үлкен қайраткерлігі еді. Міржақып Дулатов саясатта да, әдебиетте де қайраткер, - дейді ол.

Бұған дейін белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсәмет «Оян, қазақ» сөзі «Оян, қазақ» идеясына айналғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы