Digital Bridge-2022: ІТ әлемдегі ауқымды форум

Digital Bridge-2022: ІТ әлемдегі ауқымды форум

28-29 қыркүйекте елордамызда дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы - «Central Eurasia as a new tech platform» - «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Digital Bridge-2022 ерекшелігі 

Форум бағдарламасында IT-стартаптар аллеясы және түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдері ұйымына мүше мемлекеттер технопарктерінің көрмесі секілді ауқымды іс-шаралар өткізілмек. Бұл бағыт Түркиядағы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммитінде қабылданған шешім. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жас IT-мамандарының форумын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

Сонымен бірге, IT мектептердің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev алаңдары ұйымдастырылады. Іс-шара кезінде стартаптар үшін елдегі алғашқы ресми TikTok офлайн-алаңы құрылады. Бүкіл өңірден венчурлік инвесторлардың қатысуы жоспарланған. Панельдік сессияларда халықаралық сарапшылар IT әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.

Алдағы Digital Bridge форумы өзінің ауқымымен ерекшеленіп, еліміздің ең ірі IT іс-шарасы болуы мүмкін. Біз Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Орталық Азия елдерінің жетекші IT-компаниялары, алдыңғы қатарлы стартаптары көшбасшыларының қатысуын күтеміз. Форум өңірдегі IT-технологиялардың дамуына жаңа серпін беріп, осы іс-шараға қатысушы елдердің стартаптары үшін жаңа белестер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Біз IT саласындағы көшбасшылармен бірге технологиялық саланың ең өзекті мәселелерін көтеріп, инновациялық шешімдерді бірге талқылаймыз. Digital Bridge цифрлық идеяларды ілгерілетуге тартылғандардың барлығын біріктіретін цифрлық көпірге айналды деп сеніммен айтуға болады, - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Digital Bridge халықаралық форумы - жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін IT саласындағы Қазақстандағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Дәстүрлі түрде форумға халықаралық IT-қоғамдастығының көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар қатысады. 

Форум «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-кадрлар даярлау, IT-саласына 500 млрд теңгеге дейін инвестициялар тарту, АКТ қызметтерінің экспортын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.

Digital Bridge-2022: ІТ әлемдегі ауқымды форум

500-ден астам жұмыс орны 

ІТ-вакансиялар жәрмеңкесінде 500-ден астам бос орын ұсынылады. Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында  ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі өтеді. 

EXPO көрме орталығында  халықаралық және қазақстандық ІТ-компаниялар жұмыс іздеген мамандарға ақпараттық технологиялар, Data science, blockchain саласы бойынша 500-дей жұмыс ұсынады. Жәрмеңкеде 20 шақты компания жұмыс іздеп жүрген мамандарға жоғары технологиялар саласындағы мүмкіндіктер туралы айтып, ұйымдары жайлы толыққанды ақпаратпен бөліседі.

Digital Bridge 2022 ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі – HR-мамандар, ІТ саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық және қазақстандық рекрутерлер бас қосып, кәсіпқойларға, фрилансерлер мен жас мамандарға жұмыс орнын ұсынатын карьералық мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде әркім өзі мақсат еткен қызметіне қол жеткізіп, армандарын жүзеге асырады,- дейді Astana Hub атқарушы кеңсесінің директоры Дания Ахметова.

ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі жұмыс орнын ауыстырғысы келетін кәсіпқойларға, жаңа жобаларға қатысқысы келетін фрилансерлерге, жас мамандарға және ЖОО, бағдарламалау мектептерінің тәжірибе жинағысы келетін студенттеріне арналған. Олар Epam, Sergek, Beeline, Kazdream, Documentolog, Tech Culture, ҰАТ, Қазақтелеком, Mytona, Freedom Finance, Halykbank, 2GIS, Coursera, KASPI, Huawei, Astana Hub және т.б. ірі компаниялардың ұсыныстарын қарастырып, жұмысқа орналаса алады. 

Айта кету керек, бұл жәрмеңкеге компаниялар да, жұмыс табуға үміткерлер де тегін қатыса алады. Тек digitalbridge.kz сайты арқылы тіркеуден өтсе жеткілікті.

ІТ индустриясындағы кадрларға деген сұраныс күн сайын артып келеді, сондықтан компанияларға үнемі ІТ-мамандар қажет. Тек қана кәсіпқойларды емес, әлеуетті жас мамандарды да жоғары жалақы және қолайлы жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге дайын. Бұл орайда ІТ-вакансиялар жәрмеңкесі жұмыс іздеушілерге ғана емес, жұмыс ұсынушыларға да тиімді. Мысалы, биыл жазда өткен осындай жәрмеңкеге қатысқан біздің компания бірнеше қызметкер тапты, қазір олар бізде жап-жақсы жұмыс істеп жатыр, - дейді Kazdream ІТ-компаниясы бөлімінің басшысы Мария Бережная.

Digital Bridge-2022: ІТ әлемдегі ауқымды форум

Айтишниктер арасындағы жарыс 

Қазақстандық IT-стартаптар $18 000 жеңіп алуы мүмкін. 29 қыркүйекте Digital Bridge-2022 халықаралық форумы алаңында Astana Hub Battlе технологиялық стартаптардың сайысы өтеді.

Үздік стартаптар 1 орынға - $10 000, 2 орынға - $5 000-, 3 орынға- $ 3 000 сомасындағы ақшалай сыйлықты  иеленбек. 

Мұндай баттлды бірнеше жыл өткізіп жатырмыз, қазірде оның нәтижесін көріп отырмыз. Былтыр жеңімпаздарды отандық IT-нарығында табысты дамып, өз өнімдерін шетелге экспорттап жатыр. Олардың ішінде Oquda, Parqour, UvU, KidSecurity, Abscrypt және басқалары бар. Astana Hub Battlе нағыз таланттар мен өз мақсатын айқын білетін стартаптар алаңы болып қалыптасты. Кез-келген стартап үшін нақты мақсатын білу өте маңызды. Біз оларға дамудың жаңа деңгейіне шығу үшін қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.

Баттлға қатысу үшін стартаптарда MVP немесе PMF сатысында масштабталатын жоба, команданың кемінде екі негізгі қатысушысы және нарықта екі жылдан аспайтын тәжірибесі бар үміткер болуы керек. 

Қатысуға өтініш берген жүз бәсеке қабілетті жоба жартылай финалда өнер көрсетеді және финалдық бәсекеде 10 үздік стартап ақтық мәреге шығып, жеңімпаз атану үшін бақ сынайды.

Өтініштер 20 қыркүйекке дейін digitalbridge.kz/battle2022kz/ сайтында қабылданады.

 

Бөлісу: