Диетолог иммунитетті нығайтатын бес тағамды атады

17 Шілде 2021, 12:44
2659
Бөлісу:
Диетолог иммунитетті нығайтатын бес тағамды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нутрициолог, биология ғылымдарының кандидаты Александр Мирошников «Мәскеу 24» телеарнасына берген сұхбатында иммунитет үшін ең пайдалы бес өнім туралы айтты.

Біріншіден маман С дәрумені бар өнімдерге назар аудару керектігін айта кетті. Ол интерферон мен иммундық жасушаларды өндіруге қатысады. Жаз мезгілінде қарақат өте пайдалы, өйткені бұл жидектің 100 грамында күнделікті норманың 22 пайыз дәрумені бар.

Иммунитетті нығайту үшін А дәрумені қажет. Бұл насыбайгүлдің (базилик) құрамында өте көп. Бұл витамин иммундық жасушаларды құру процесіне де қатысады. Мирошников күніне үш-төрт насыбайгүл бұтақтарын жеуге кеңес береді. Онымен бірге нутрициолог стрестен арылуға көмектесетін құрамында В дәрумені бар салат жапырағын жеуге кеңес берді.

Сонымен қатар, дәрігер аскөктің (укроп) пайдасы туралы айтты. Ондағы құрамындағы фитонцидтер микробқа қарсы тұра алады. Организмге қажетті ақуызға бай асшаяндар туралы ұмытпаңыз. дәрігер пайдалы қасиеттерін жақсарту үшін оларды кептірілген аскөкпен пісіруді ұсынды.


Өзгелердің жаңалығы