Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы қонақта Оңтүстік Кореямен кездеседі. Матчтар 12-13 немесе 13-14 қыркүйекте өтеді.
Нақты күндер мен ойын өтетін қаланы алаң иелері кейінірек анықтайды. Жеңіске жеткен құрама келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.
Бұл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы үшінші кездесу болмақ. Қазіргі есеп – 1:1.