Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 1-2 ақпан аралығында өтетін Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобы аясында Пәкістанға қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы келесі құрамды таңдады:
- Александр Шевченко;
- Тимофей Скатов;
- Дмитрий Попко;
- Бейбіт Жұқаев;
- Денис Евсеев.
Ойындар Астанадағы Beeline Arena жабық хард кортында өтеді.
Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттік форматтан тұрады.