Жаңаөзенде деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды – ҰҚК

10 Тамыз 2020, 10:43
2482
Бөлісу:
Жаңаөзенде деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды – ҰҚК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда.

 


Өзгелердің жаңалығы