Десанттық-шабуылдау әскерлері барлау кешенін атыста сынап көрді

3 Сәуір 2024, 21:29
577
Бөлісу:
Десанттық-шабуылдау әскерлері барлау кешенін атыста сынап көрді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігі

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің артиллеристері алғаш рет осы жылдың ақпан айында қару-жараққа келіп түскен «Платформа» радиолокациялық кешенін пайдалана отырып, атыс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа қару-жарақты зерделеп, практикалық атыста сынау «Қазақстан» оқу-жаттығу полигонында лагерь жиыны барысында өтті. 

Десанттық-шабуылдау әскерлері барлау кешенін атыста сынап көрді

Бір ай ішінде ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда оқ атуды қолдау бөлімшелерімен батареялар мен дивизиондарды үйлестіру жүргізілді, оған қоса артиллериялық атысты реттеушілерді дайындау жүзеге асырылды. Әр кезең әскери қызметшілерді штаттық қару-жарақтан жауынгерлік атыс жүргізуге рұқсат алу үшін бақылау-кешенді сабақтармен нығайтылды.

«Платформа» радиолокациялық кешенін үйрену оның тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысудан, артиллериялық барлау жүргізу кезінде нысананың координаттарын анықтаудан және қозғалмалы нысандарды анықтау режимінде атыс позициясында практикалық жұмыстан басталды. Сол секілді батареяға қарсы күрес режимінде командалық-бақылау пунктінде артиллериялық атысқа практикалық қызмет көрсету де пысықталды.

 «Платформа» радиолокациялық кешені жердегі бақылауды, қарсылас артиллериясы атыс позицияларының координаттарын анықтауды қамтамасыз ете алады. Табылған координаттар автоматты түрде басқару пунктіне беріледі, ол жерден нысан артиллериялық қару-жарақ атысымен жойылады, – деді полковник Ерлан Әлиқұлов.

Десанттық-шабуылдау әскерлері барлау кешенін атыста сынап көрді

«Платформаның» үлкен артықшылығы бұл кешеннің тәуліктің кез келген уақытында және қарсыластың атыс позицияларын көзбен көру қиын ауа райында да жұмыс істей алуында. Бұл ұрыс алаңын да толық көруге мүмкіндік береді. Осы қасиеттердің бәрі жүйені әскерлерде қолданудың өте ыңғайлы екенін көрсетеді.

Жиынға барлығы 600-дің үстінде әскери қызметші қатысып, 150 қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы