Депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады

Бөлісу:
Депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады
Фото: gov.kz

Мәжілістің пленарлы отырысында депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады. Құжатта Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен тапсырмалар көрініс тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар су саласын реформалауға, су заңнамасын жетілдіруге, су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыруға, саланың кадрлық әлеуетін арттыруға, тарифтік саясатты реттеуге және су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған.

Су саласын басқарудың басты қағидаты су ресурстарын сақтау болады.

  • "Экологиялық ағын" ұғымы бекітілді – бұл су қоймаларын сақтау үшін алынбайтын және су объектілерінде қалуға тиісті су көлемі. Енді экономиканың түрлі салаларына арналған су пайдалану лимиттері экологиялық ағын анықталғаннан кейін қалған су көлемі негізінде есептеледі.
  • Жаңбыр және еріген қар сулары, тазартылған ағынды сулар, тұщыландырылған тұзды сулар балама су көздері ретінде қарастырылады.
  • Арнайы су пайдалану рұқсатын алу үшін су шығынын азайту және су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарының болуы міндетті шарт болады.
  • Кәсіпорындар айналымдық немесе қайталама су пайдалану жүйесіне көшуі қарастырылған.
  • Жер қойнауын пайдалануға тек Каспий теңізінде көмірсутектерді барлау немесе өндіру, сондай-ақ тұз бен емдік балшық өндіру операцияларынан басқа жағдайларда тыйым салынды.
Өзгелердің жаңалығы