Депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заңды қабылдады

22 Желтоқсан 2021, 10:49
1100
Бөлісу:
Депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» Заңның жобасын мақұлдады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың мәліметінше, құжатқа 2020 жылы 16 қазанда 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шарттың орнына қол қойылды.

Шартқа екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастықты жандандырып, оны одан әрі дамыту мақсатында қол қойылған.

1994 жылғы жасалған шарттың ережелері уақыт болмысына қарай ескірген. Шартты ратификациялау қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде әскери қабылдануды бірлесіп жоспарлау, өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерге бірлесіп, қарсы әрекет ету, халықаралық ұйым, мәдениет, спорт аясында өзара әрекеттесу және басқа да бағыттарда әскери ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді, - деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі әріптесі.

Шартты ратификациялау осы мемлекеттердің қорғаныс қабілетін нығайту, қазіргі заманғы сын-қатерге қарсы іс-қимыл жасау бойынша үйлесімді әрекет етуді ұйымдастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге қосымша серпін береді, - деп толықтырды Дарын Тұяқов.

Өзгелердің жаңалығы