Депутаттар онлайн несиеден бас тарту функциясын енгізуді ұсынды

16 Қазан 2024, 12:26
429
Бөлісу:
Депутаттар онлайн несиеден бас тарту функциясын енгізуді ұсынды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов онлайн несиеден бас тарту функциясын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол онлайн несиелерден автоматты түрде бас тарту туралы функциясын орнату туралы ұсынысты әріптесі депутат Мұрат Әбеновпен бірге бұған дейін де ұсынғанын айтты.

Меніңше, бұл функция несие алу бойынша алаяқтықтан қорғау үшін өте маңызды шешім болушы еді. Қазір жағдай қандай? Азматтар eGov-қа кіріп, бір батырманы басып, несиелерден бас тарта алады. Бірақ осы құқығын кім пайдаланғаны бойынша статистиканы қарасақ, адам өте аз. Себебі көп азамат бұл туралы білмейді. Бұл ақпаратты жеткізу өте қиын. Біздің ұсынысымыз автоматты түрде келіспеу функциясын енгізу. Яғни керісінше тек несие аламын дегендер ғана eGov-қа кіріп, несие алуға дайын екені туралы растау керек, - деді депутат.

Аймағамбетовтің сөзінше, Қазақстанда 20 млн азамат болса, оның 10 млн азаматы несие аламын десе, eGov-қа кіріп растай салады.

Онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ 10 млн-нан астам азамат па, 5 млн-нан астам азамат па, әсіресе зейнеткерлер, ауылда тұратын азаматтардың атынан ешкім несие алмаушы еді. Бұл біздің зейнеткерлерімізді және басқа да азаматтарды қорғаудың маңызды шешімі болады. Мұны азаматтардың құқығын бұзу деп қабылдамау керек, - деп есептейді ол.

Бұған дейін психиатриялық және наркологиялық есепте тұрғандарға кредит берілмейтіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы