Депутаттар мен министрлердің азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды

1 Ақпан 2024, 12:23
502
Бөлісу:
Депутаттар мен министрлердің азаматтарды қабылдау кестесі жарияланды
Фото: gov.kz

AMANAT партиясы 2024 жылы ақпанда азаматтарды қабылдайтын орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен Мәжіліс депутаттарының кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 ақпанда Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жарқынбек Амантайұлы,

7 ақпанда – Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков,

8 ақпанда – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, сондай-ақ Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ерлан Әбдиев,

13 ақпанда – Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұрат Әбенов,

14 ақпанда – Әділет вице-министрі Даниель Ваисов,

15 ақпанда – Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбіл,

16 ақпанда – Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов,

20 ақпанда – Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қазыбек Әлішев,

21 ақпанда – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров,

22 ақпанда – Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ, Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Аманжол Әлтай,

27 ақпанда – Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Нұржан Әшімбетов,

28 ақпанда – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова,

29 ақпанда – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжанов қабылдауды өткізеді.

Еске сала кетейік, отандастарымыз өздерін толғандырған мәселелері бойынша AMANAT партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады:

1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. WhatsАpp: 8 700 800 4441;

3. Е-mail: komek@amanatpartiasy.kz.

Қабылдауға жазылу қабылдау өткізілетін күнге дейінгі кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы