Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихат депутаты Әсия Ақанова facebook-тегі парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, бүгін Алматы қаласы мәслихатының бірнеше депутаттары COVID-19-қа қарсы вакцина салдырған.
Алғашқы егулердің қатарына мәслихат хатшысы Станислав Канкуров және халық таңдауы Ақбөпе Әбілқасымова түсті. Неліктен мен вакцина алуға шешім қабылдадым? Вакцинация - пандемиямен күресте ең тиімді әдіс, COVID-19 күрделенген курсының қаупін азайтады, - деп жазды депутат.
Сондай-ақ ол вакцинациядан кейін денсаулығы жақсы екенін жеткізді.
Айта кетсек, ақпанның 1-нен бастап қаладағы медицина қызметкерлеріне Ресейде әзірленген «Спутник V» вакцинасы салынып жатыр. Вакцинациялаудың екінші кезеңі наурыз айында жүргізіледі, ол кезде әскери қызметкерлерге екпе салынады.