Депутаттар коронавирусқа қарсы екпе салдырды

4 Ақпан 2021, 11:16
1082
Бөлісу:
Депутаттар коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Зарина Камасова және Ғалымжан Елеуов бүгін коронавирус инфекциясына қарсы екпе жасады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаттары вакцинаның бастапқы кезеңінен өздерінің медициналық әріптестерімен қатар алғашқылардың бірі болып өтті. 

Олар VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары болып сайланғанға дейін індетпен күрес шеңберінде аймақтарда медициналық мекемелерде жұмыс істеп, халыққа қажетті көмек көрсетті. Депутаттар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тез қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де,  туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты, - деді Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов.
Депутаттар коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Сонымен қатар депутаттар екпе енгізілгеннен кейін денсаулықтарының бірқалыпты екендіктерін айтты. Қалған депутаттарды вакцинациялау наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. 

Депутаттар коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Ал, Мәжіліс төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандықтан, жеткілікті антиденелер бар. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ.

Өзгелердің жаңалығы