Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Әділетті Қазақстан құруда сіз бен біз жауаптымыз. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Атырау жылу электр орталығының еңбек ұжымымен жүздесіп, ата заңымызға енетін өзгерістерді түсіндірді.
Елімізде президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси жаңғыру жұмыстары басталды. Референдум сол саяси өзгеріс. Еліміздегі билікті бір жерге шоғарыландырмай барлығына тепе-тең бөліп беру. Бұл дегеніміз суперпрезиденттік басқару жүйесінен кетіп, мықты парламент пен президенттік жүйеге көшу. Осы мақсатта біз Атырау облысы халқымен жүздесіп, пікірлерін тыңдадық. Өңір халқы мұны өте жақсы түсініп, қолдап жатыр. Өйткені, бұл реформа басталмай елімізде даму болмайды. Сондықтан атыраулықтар мұны жақсы түсініп отыр,-дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәлімжан Нақпаев.
Мәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов, Нұрлыбек Ожаевта референдумның мән-мазмұнына тоқталды. Еңбек ұжымына жіті түсіндіріп, еліміз үшін тарихи мүмкіндік екенін айтып өтті.
Бұл референдум билікке халықты жақындату. Қазіргі уақыттың талабына сай қоғамның дамуына үлкен өзгеріс әкеледі.Жаңа Қазақстан деген ұғым қалыптасты. Бұл әділетті Қазақстан. Елімізде барлық салада әділетсіздіктер жиі кездесіп жатады. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін әділетті Қазақстан қалыптастыруымыз керек. Ол үшін әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек. Саналы түрде елдің дамуына үлесін қосуы тиіс,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев.
«Аманат» партиясының жанынан құрылған штаб мүшелері де атыраулықтарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Бұл референдум деген сіз бен бізге беріліп отырған тарихи орасан зор мүмкіндік. Өйткені, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік істе әділетті, жаңа Қазақстан құруды сіз бен бізге тапсырып отыр. Бұл үлкен жауапкершілік. Президент Түркиядағы сапарында «мен мүмкіндігімше халқыма еркіндік бергім келеді, елдегі демокрантия мен заң үстемдігін күшейткім келеді» деді. Сондықан бұл өзгеріске әрқайсымыз белсенді ат салысуымыз керек. Қазіргі өзгеріс билікке керек емес. Бұл сіз бен бізге қажет. Осыған атүсті, немқұрайлы қарамайық,-дейді «Аманат» партиясының жанынан құрылған штаб мүшесі Армангүл Тоқтамұрат.