Депутаттар бірқатар заңды жұмысқа алды

Бөлісу:
Депутаттар бірқатар заңды жұмысқа алды
Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс комитеттері мынадай заңдарға қорытынды әзірлейді:

– экологиялық мәселелер бойынша;
– Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
– Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Алматы қаласында консулдық мекеме үй-жайларын салу үшін АҚШ үкіметіне жалға жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы;
– Қазақстан мен Қырғыз арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы; 
– 2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы.

Өзгелердің жаңалығы