Депутаттар бір күндік жалақысын қызыл судан зардап шеккендерге аударды

5 Мамыр 2020, 11:22
1499
Бөлісу:
Депутаттар бір күндік жалақысын қызыл судан зардап шеккендерге аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек қорына аударды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы бір күндік еңбек жалақыны Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару туралы Қаулы қабылдады. Қаржы аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы