Депутаттар ауыл әйелдерінің форумына қатысты

28 Тамыз 2019, 22:31
2529
Бөлісу:
Депутаттар ауыл әйелдерінің форумына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында өткен Ақмола облыстық ауыл әйелдерінің форумына Мәжіліс депутаты Майра Айсина қатысты.

Онда Мәжіліс депутаты ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық даму, әйелдерді қолдау және жұмысқа орналастыру мәселелері төңірегінде мәселелер көтерді.  

Бүгінде Ақмола облысында мемлекеттік басқару органдарында еңбек ететін әйелдердің үлесі артып келеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 276 депутаттың 70-ін нәзік жандылар құраса, 532 жергілік атқарушы органдардың 147-ісінде әйелдер басшылық қызметтерде істейді. 56 әйел селолық округтердің әкімдері болып қызмет етуде. Шаруа қожалықтарын басқарып отырған әйелдер де бар.

DSC_1494.JPG

Шамамен 400 әйел «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының арқасында өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Үстіміздегі жылы 662 әйел кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған.

Бұл күні форумға арнайы келген басқа да меймандар өз ойларын ортаға салып, «Ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджеттің төртінші деңгейі» тақырыптарын пленарлық отырыстарда кеңінен талқылады. Аудандардан келген қатысушылар министрлік өкілдеріне толғандарын сауалдарын қойып, өтініш тілектерін жеткізді.

Ақмола облысында осымен екінші рет өткізіліп отырған форумды «Coca-cola» халықаралық қоры мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Ақмола облысының әкімдігі, G-Global Халықаралық Хатшылығы, «Жасыл экономика және Global-ды дамыту Коалициясы» және «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері бірлесіп ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы