Депутат жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды

Бүгiн, 17:04
158
Бөлісу:
Депутат жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елімізде жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің бай тарихын, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық ерекшеліктерімізді, мәдени және дәстүрлі құндылықтарымызды ескере отырып, жыныстық сәйкестік бұзылысы бар адамдардың жынысын өзгерту мәселесінің біздің қоғам үшін қаншалықты қолайлы екендігі жөнінде сұрақ туындайды. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, жыныстық сәйкестік бұзылысы бар, 21 жасқа толған, әрекетке қабілетті азаматтар (психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар адамдардан басқа) жынысын ауыстыруға құқылы, - дейді депутат.

Депутаттың сөзінше, "жыныстық бұзылысы бар тұлға" деген ұғымның өзі адамның белгілі бір ауытқуы бар екенін білдіріп тұр.

Бұл тұлғалардың денесінде ешқандай физикалық аномалия жоқ екенін ескерсек, мәселе олардың психикасы мен мінез-құлқына болуы мүмкін. Сондықтан психикалық немесе мінез-құлықтық ауытқулары бар адамның сау денесіне гормоналды және хирургиялық араласуды ақтау мүмкін емес, - деді Магеррам Магеррамов.

Мәселеге байланысты халық қалаулысы Үкіметтен келесідей сұрақтарға жауап беруін сұрады:

1. Егер сіз "Сау ұлт" ұлттық жобасын іске асырып жатсаңыз, неге ақылға қонымсыз жағдай туғызып, ер адамды әйелге, әйелді ер адамға хирургиялық жолмен айналдыруға мүмкіндік беріп отырсыз?
2. Неліктен мінез-құлықтық/психикалық бұзылыстар бізде хирургиялық жолмен "емделеді"?
3. Қанша жыныс ауыстыру операциясы жасалды? Олардың қаншасы жынысын қайта ауыстыруға ниет білдірді?
4. Қазіргі уақытта жынысын өзгертуге қанша адам өтініш берді?
5. Мұндай манипуляциялар медицинадағы басты қағидат – "Зиян келтірме" және ұлттың моральдық саулығына қайшы келмей ме?

Өзгелердің жаңалығы