Жақында Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң қабылдады. Енді құжатты Сенат қарайды. BAQ.KZ-тің YouTube-арнасына сұхбат берген Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.
Жасанды интеллект – біздің бүгініміз бен ертеңіміз. Мысалы кезінде смартфонды қалай қабылдадық, бұл да солай өмірімізге етене енді. Біз одан бас тарта алмаймыз. Бастысы біз оны дұрыс бейімдеп, қауіп-қатерінен сақтанып, мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алуымыз қажет. Ол нақты шешім қабылдамайды, ондай заң да жоқ. Сондықан оған құрал ретінде қараған жөн, - дейді депутат.
Оның айтуынша, жасанды интелектіен маңызды мамандарды ауыстыра алмаймыз.
Біз жасанды интелектімен мұғалімдерді, дәрігерлерді алмастыра алмаймыз. Көлік, телефон, құрал-саймандар сияқты оған көмекші құрал ретінде қарау керек. Адамның құқын шектеп, жанын зерттейтін тұстарға жібермеу қажет. Жалпы басқа елдердің де тәжірибесін зерттеп, қарауға болады. Қазір Сенатта біз де «Жасанды интеллект туралы» заңды қарастырып жатырмыз. Бұл мәселені құқық, қауіпсіздік, цифрландыру жағынан барынша жауапкершілікпен қарауымыз қажет, - деді Бибігүл Жексенбай.
Айта кетейік, бұған дейін Бибигүл Жексенбай халық парламент реформасын референдумда өзі шешетіні туралы айтқан еді.