Депутат заңды зерделемей, желіде даурықпа әңгіме тарататындар туралы айтты

2 Наурыз 2021, 18:20
7548
Бөлісу:
Депутат заңды зерделемей, желіде даурықпа әңгіме тарататындар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Елнұр Бейсенбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша брифинг барысында айтты.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде, қоғамда осы заңға қатысты алып-қашпа әңгімелер өте көп таралып жатыр. Олардың бірі - «баламыздың тісі ауырса деген болмашы дүние үшін бізден баланы алып қояды». Бұл – өтірік ақпарат. Баланы алу тек соттың шешімімен ғана жүзеге асырылады. Ол көп дәйек пен деректі қажет ететін өте ұзақ процедура. Сондықтан ата-анадан баланы алып қою құқығын ешкімге бермеген. Бұл зерделенетін дүние, - деді ол.

Депутат қоғам арасында тараған тағы бір мәселе туралы айтты. 

«Бала бізбен қатар болады. Біз ата-ана ретінде қарастырылмаймыз» деген мәселе. Бұл да өтірік ақпарат. Баланың әке-шешесі кім екенін растайтын куәлік бар. Ол жерде барлығы көрсетілген. Ол сақталады. Алып-қашпа әңгімеге негіз болған буллинг сөзі ЛГБТ дегенді білдіруі деп таралуы. Оның ешқандай да байланыс жоқ, негізсіз әңгімелер. Бұл даурықпа әңгімені таратып жүргендер заңды оқымаған, өзгертулермен таныспаған. Тек әлеуметтік желіден оқығандары аясында таратқан негізсіз сөз, - деді Бейсенбаев.
Өзгелердің жаңалығы