Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат: Үкімет бюджеттің жыртығын жамаумен ғана айналысып отыр

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
27 Маусым 2025, 11:24
589
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектеновке бюджеттің атқарылуына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың сөзінше, 2 жыл бойы Ұлттық даму жоспарында мәлімделген маңызды міндеттер іс жүзінде іске аспай жатыр. Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету, оны өтеу шығындары биыл 6,1 триллион теңгені немесе бюджеттің барлық кірісінің 38 пайызын құрады. Ұлттық қордың қаражаты 10 жылда республикалық бюджеттің 30 пайызын жауып келеді.

Мұнайға қатысты емес тапшылық жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын құрайды. Жеке инвестициялардың үлесі азайып отыр. Іскерлік ортаны нығайтудың орнына ҚҚС қайтару үлкен проблемаға айналды. Бюджеттің атқарылуы стратегиялық міндеттерді шешуге емес, бюджеттің жыртығын жабуға бағытталып жатыр. Ал Үкіметтің қолында Парламент жасақтап берген жаңа Бюджеттік кодекс, жаңа Салық кодексі, ұлттық даму жоспар құралдары бар. Осыған қарамастан ұлттық перспектива көрінбейді. Өркендеудің нақты көрсеткіштері жоқ. Құрметті Олжас Абайұлы, Үкімет бюджеттің жыртығын жамауды тоқтатып, ұлттық өркендеуге қашан көшеді? Тым болмаса мемлекет қаржысын қалай тұрақтандырасыздар? – деп сұрады депутат.

Өзгелердің жаңалығы