Депутат: Трагедия қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз міндет

16 Қаңтар 2022, 10:40
1424
Бөлісу:
Депутат: Трагедия қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз міндет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты. «Қаңтар трагедиясына» тоқталған ол оқиғаның хронологиясына Facebook әлеуметтік парақшасында тоқталды.

Қазір еліміздің Бас прокуратурасының өкілі «Қаңтар трагедиясының» салдары,  қайғылы қаза болған жандардың  ресми санын жариялады. Өкімет органдары Президенттің тапсырмасына орай, қайғылы жағдайда  қайтыс болған барша  азаматтардың санын ашық, жария жазып жатыр. Бұл дұрыс ұстаным  деп ойлаймын, - деді депутат.

Сондай-ақ ол қанша  жанға қиын, жүрекке  ауыр болса да хронологияны қайталауды жөн көрдім деп отыр.

Алматыдағы  5-6 қаңтар қайғылы  күндері экстремисттер Алматы әуежайына, «Көктөбе» телекешеніне, Шекарашылар академиясына, Алматы ІІБ бірнеше мәрте қарулы шабуыл жасаған. Осы күндері Жамбыл, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе, Талдықорған, Өскемен, Семей әкімдіктеріне бір уақытта шабуыл жасалған. Нәтижесінде 4578 адам жарақат алған, олардың басым көпшілігі құқық қорғау органдарының өкілдері, - деп атап өтті Ерлан Саиров.

Сонымен қатар депутат 225 адамның, оның ішінде, 19 құқық қорғау өкілдерінің қаза тапқанын тілге тиек етті. 

Меморгандарға шабуыл жасағандар, байқаусызда оқ астына ұшқандар да жоқ емес... Өте ауыр жағдай, бұл азаматтар біздің туған-туыс, көрші-қолаң! Ұлтқа қастандық, мемлекеттік төңкеріс  жағдайында, Мемлекет басшысы  халқымыздың өмірін қорғауға уақтылы шешімдер  қабылдамағанда құрбандар саны бұдан да зор болуы ықтимал  еді. Осындай трагедия қайталанбас үшін қолда бардың бәрін жасауымыз міндет. Болашақта мұндай қазалы ақпаратты жеткізбеуге жазсын... Дәл қазір барлығымызға сабыр, салқынқандылық, ақыл-ой, терең түсінік және пайым қажет сияқты, – дейді мәжілісмен.

Өзгелердің жаңалығы