Депутат «Тараз химиялық паркіне» барды

Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Шу ауданына барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 Тамыз 2022 2022, 21:21
АВТОР
 22 Тамыз 2022 2022, 21:21
22 Тамыз 2022 2022, 21:21
929

Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Шу ауданына барып, бірқатар нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында іске асырылып жатқан жобаларға назар аударды.

Экономикалық аймақтың жұмысын тоқыратпау үшін химиялық саладан басқа бағыттар бойынша да өндірістік орталықтар ашуға мән беру қажет, – деп атап өтті Бекболат Орынбеков.

Сондай-ақ депутат ауданаралық балаларды оңалту орталығы мен Әл-Фараби атындағы мектептің құрылыс барысымен танысты.

 

Наверх