Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат Роза Рымбаеваның құқығы бұзылып жүргенін айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
23 Сәуір 2025, 13:59
1171
Бөлісу:
 Фото instagram.com/rozarymbaeva
Фото: Фото instagram.com/rozarymbaeva

Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков авторлар мен орындаушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнамада маңызды олқылық барын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” заңның 16-бабында авторларға шығармаларын пайдаланудың әр түрі үшін сыйақы төлеу қарастырылғанымен, ретрансляция кезінде олардың мүліктік құқықтары қорғалмай отыр.

Мысалы, Роза Рымбаеваның әндері қайта таратылып жатыр, бірақ қолданыстағы заң ретрансляция үшін ешқандай сыйақы төлеуді қарастырмайды. Бұл – авторлардың мүліктік құқықтарының бұзылуы, – деді депутат.

Сұраққа жауап берген Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев заң жобасына енгізілетін түзетулер тек хабар тарату ұйымдарының құқықтарына қатысты екенін түсіндірді.

Сіз дұрыс айтасыз – заңның 16-бабында бұл анық көрсетілген. Бірақ мұндағы ретрансляция теле-радиоарналардың мүліктік құқықтары ретінде қарастырылады. Орындаушылардың құқықтары бұзылмайды және бұл норма олар үшін заңдық тұрғыдан қиындық тудырмайды, – деп жауап берді министр.

Осылайша, аталған заң жобасы ретрансляцияға қатысты тек вещательдік ұйымдардың құқықтарын нақтылауға бағытталған, ал орындаушылардың мүліктік құқықтарын кеңейту әзірге қарастырылмаған.

Өзгелердің жаңалығы