Депутат: Қылмыс болса, камерадан жазбаны таппай қаламыз, ал айыппұл салған кезде табыла қалады

Бөлісу:
Депутат: Қылмыс болса, камерадан жазбаны таппай қаламыз, ал айыппұл салған кезде табыла қалады
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жүргізушілерге салынатын айыппұлдарға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен депутатық сауалдарымда айыппұлдар жайлы айттым. Қазір "Сергек" айыппұлына қатысты мәселе бар. Мен сауал оқығанда 7700, қазір ақылы автотұрақ 10 мыңға жетті. Бір қаланың өзінде 13 мыңнан астам бейнекамера бар. Олардың салығы 5 млрд теңгеден асып жығылады. Ал біз қылмыс болған кезде камерадан бір жазбаны таппай қаламыз. Халыққа айыппұл салған кезде табыла қалады. Бұл да ауқымды мәселе, - дейді Сәрсенғалиев.

Депутат әкімдік өкілдеріне азаматтарға айыппұл салатын тиісті жүйе жасап қойғандары жайлы жеткізген.

Мысалы, Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы Қосшы, "Лесная полянадан" келетін халық өтетін жалғыз көше. Оларға екі жолақ қалдырып, үшіншісі автобус жолағына берілген. Адамдар амалсыздан, жұмысқа асыққандықтан автобус жолағына шығуға мәжбүр болады. Біз оны біле тұра, ол жолды шектейміз. Біле тұра, айыппұл саламыз. Халықты қолдайтын мәселе қайда? Алматы әкімдігіне де сондай ұсыныс айттым. Ыстамбұл, Ташкент қалаларында да сондай мәселе бар, - деп түсіндірді мәжілісмен кулуарда.

Нартай Сәрсенғалиев бюджеттің жетіспеушілігін халықты қанау арқылы толтырмау керек деп санайды.

Ең алдымен лайықты жағдай жасау керек. Тиісті тәртіп енгізу керек. Лайықты жағдай жасалып, тәртіп енгізілгенін біліп тұрып, заң бұзса, айыппұл салу керек, - дейді депутат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нартай Аралбайұлының  Премьер-министрге еден жуушы, вахтер, аспаздың жалақысын көтеру туралы ұсынысын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы