Депутат Петропавл мен Павлодардың атауын қазақшалауға қатысты ойын айтты

5 Сәуір 2023, 15:02
847
Бөлісу:
Депутат Петропавл мен Павлодардың атауын қазақшалауға қатысты ойын айтты
Фото: BAQ.KZ

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутат Ерлан Сайыров Петропавл және Павлодар қалаларына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шынын айтсам, Қызылжарды (Петропавл – ред.) ес білгелі «Қызылжар» деп атаймын. Өйткені Кеңестің жазушылары, мысалы, Қызылжарда туған Сәбит Мұқанов ол туралы өлең жазған. Ол жерде «Қызылжар қымбат қалам» деп атап өткен. Яғни Кеңестің кезінде Петропавлды Қызылжар деп атаған, - деді ол.

Депутаттың ойынша, азаматтар да өз еріктерімен солай (Қызылжар – ред.) деп атай берулеріне болады.

Ресми жағдайға келетін болсақ, ол жергілікті мәслихаттың құзыретінде. Біз құқықтық мемлекет болғандықтан, әр мәселені құқықтық дәрежеде шешу керек. Бұл сол жердегі облыстық немесе қалалық мәслихаттың шешіміне байланысты болады. Олар жергілікті халықпен бірге келісіп, шешім қабылдауы қажет. Павлодарға қатысты да нақты ұстанымым бар. «Кереку» деген атау келмейді. Бұл – көпес. Қаныш Сәтпаев бар, Шәкен Айманов бар. Осындай жақсы атты да пайдалануға болады. Ол да жергілікті мәслихаттардың, қоғамның жұмысы, - деп айтты Ерлан Сайыров.

Сөзінше, Парламент деңгейінде атауын өзгертуге қатысты заң бойынша ұсыныс жасалынбайды. Ол жергілікті мәслихаттардың құзыретіндегі мәселе.

Өзгелердің жаңалығы