Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын дамытуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол AMANAT партиясы фракциясының ұлтымыздың ұлы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібековтың қолтаңбасындай болған 50 жылдық тарихы бар Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын дамытуға байланысты ұсыныстарын оқып берді.
Бірінші, Үкімет Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына университет статусын беру жұмыстарын ұйымдастырсын. Бұл оқу ордасының білім беру, ғылымды дамыту, халықаралық ынтымақтастықты арттырыумен қоса, Астана қаласы, Ақмола облыстары үшін сапалы ұстаздар даярлауға, педагогтардың тапшылығын шешуге мүмкіндік береді, - деді депутат.
Екінші, институтқа магистратура, PhD докторантура ашу қарастырылсын. Бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламаларына арнайы педагогикалық квота бөлінсін. Институттың материалды-техникалық базасын нығайтуға, педагогикалық зертханалар, инновациялық методикаларды енгізу орталықтары, инклюзивты білімге ұстаздарды даярлайтын әдістемелік орталық, жатақхана және оқу корпустары ғимараттарына республикалық бюджетті бекіту кезінде нақты шаралар қабылдансын.
Үшінші, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты негізінде Академиялық артықшылық орталығын ашу жұмыстары жеделдетілсін.