Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын арттыруды ұсынды

Әсел ӘБІЛБЕК
8 Қазан 2025, 16:25
379
Бөлісу:
 Атырау мұнай өңдеу зауыты
Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мәжіліс депуаты Мұрат Ергешбаев еліміздегі зауыттардың мұнай өңдеу қуаттылығының жеткіліксіздігіне қатысты Энергетика министрлігіне сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы елімізде 10,9 млн тонна жеңіл мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Оның ішінде 5,1 млн тонна автомобиль бензині (АИ-92, АИ-95, АИ-98), 5,2 млн тонна дизель отыны (жазғы, қысқы және маусымаралық), 600 мың тоннадан астам авиациялық отын (КО-1, РТ). 2025 жылы жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісі 12,3 млн тоннаға дейін ұлғаюы күтілуде, оның ішінде: бензин – 5,7 млн тонна, дизель отыны – 5,9 млн тонна, авиаотын – 715 мың тонна.

Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын 17 млн тоннадан 26,7 млн тоннаға дейін кеңейту жобалары әлі де жобалау сатысында қалып отыр, іске асырудың нақты мерзімдері белгіленбеген. Сонымен қатар, жаңа ірі мұнай өңдеу зауыттарын салу мәселесі әзірге жобаға дейінгі зерттеу деңгейінде тұр. Үкімет 2025 жылы Ресейден 1 млн тоннадан астам мұнай өнімдерін импорттауды жоспарлап отыр. Бұл жағдай Қазақстанға мұнай өнімдерін тұрақты жеткізуге қауіп төндіруде. Осы аталған факторлар мұнайды қайта өңдеуді әртараптандыру және қуаттылығы аз мұнай өнімдерін өндіруші зауыттарды (мини-МӨЗ) дамыту қажеттігін айқын көрсетеді, - деді ол.

Қазір елімізде 20-дан астам шағын мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олардың жиынтық әлеуеті жылына 4,5-6 млн тонна. Бұл ішкі нарықты жеңіл мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде елеулі үлес қосуға қабілетті маңызды резерв.

Шағын мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардың әлеуетін қайта қарап, технологиялық процестерді бақылауға бағытталған тексерулерді және коммерциялық қызметпен байланысты бақылауды ("жабу тауарлары" түріндегі мұнай өнімдерін заңсыз әкету мәселелерінқоса алғанда) саралау мүмкіндігін қарауды және кредиттік ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуді сұраймын. Бұл шаралар өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтауға және мұнайды терең өңдеудің модульдік қондырғыларын жаңғырту мен салуды ынталандыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы