Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
10 Қыркүйек 2025, 15:09
1758
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Мәжілістің пленарлы отырысында анасын 70 жас мерейтойымен құттықтап, сәлем жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс отырысында сөз алған депутат Назаров әріптестерінен анасын туған күнімен құттықтауға рұқсат сұрады.

Құрметті Дәния Мәдиқызы, осында отырған барша азаматтың артында әлемнің жарығын сыйлаған аналары тұр. Бүгін анашымның туған күні еді. 70 жасқа толып отыр. Құттықтауға рұқсат етсеңіздер?! – деді депутат.

Ол анасына Мәжіліс қабырғасында отырып, мынадай жүрекжарды тілегін арнады.

Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын! – деп тіледі Ардақ Назаров.

Өзгелердің жаңалығы